1-4 сыныптар арасында "Наурыз - береке бастауы" атты мерекелік іс-шара
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Тәуелсіздік және Отаншылдық” құндылығына негізделген наурыз айында Наурызнаманың онкүндік жоспарына сәйкес, 19 наурызда “Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз” мерекесіне орай, 1-4 сыныптар арасында "Наурыз - береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтілді. Мерекеде Қыдыр баба мен Наурыз әже келіп балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық ойындар ойнатты. Қыдыр баба оқушыларға бата беріп, дүниеге келген нәрестеге ат қою рәсімін көрсетіп "Наурызбай" нәрестенің тойын бастап берді. Наурыз әженің ұйымдастыруымен ата-аналар арасында сұрақ-жауап айдары бойынша "Ерулік", "Байғазы", "Сүйінші", "Бастаңғы, "Көрімдік", "Тоқымқағар" сөздерінің мағынасын балаларға жақсы түсіндіріп берді. Мерекелік "Наурыз көже" ішіп, оқушылар жақсы демалып қайтты.
Ұйымдастырушылар: Чинбаева Р.А; Бутабаева Л.А; Кобентаева А.А; Егинбаева С.К.


Ұйымдастырушылар: Чинбаева Р.А; Бутабаева Л.А; Кобентаева А.А; Егинбаева С.К.

