Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойына орай, еңбек жолы жайында таныстырылым сағаты
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылығына негізделген наурыз айында 14 наурыз күні аса көрнекті ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мен Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, әйгілі академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойына орай, химия пәнінің мұғалімі Қамабаева М.Т. 9-11 сынып оқушыларымен ғалымның еңбек жолы жайында таныстырылым сағатын өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға академик Е.Бөкетовтың өмірі мен еңбек жолы туралы мәлімет беру.
Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы А.Скакова академик-жазушы Е.Бөкетовтың шығармашылығына арналған иллюстрациялық көрме ұйымдастырды. Көрмеде академиктің еңбек жолы туралы кітаптармен ғалым туралы ақпараттар оқушылар назарына ұсынылды. Біртуар Бөкетов КСР Ғылым академиясы химия-металлургия институтының директорлығынан кейін Қарағанды Мемлекеттік университетінің ректоры қызметінде білім сапасын арттырып, абыройлы қызмет атқарғаны ел-жұрт арасында аңыз ретінде тараған.

